10 жел, 2021 сағат 20:23

Көктайғақ және тұман - бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды


«Қазгидромет» РМК 11 желтоқсан күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ақтөбе облысында күндіз облыстың оңтүстік-батысында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында және орталығында екпіні 15-20 м/с артады. 

Маңғыстау облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында көктайғақ болады. 

Түркістан облысының солтүстігінде тұман болжанады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз таулы аудандарда күші 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. 

Қарағанды облысының батысында, орталығында желдің екпіні 15-20 м/с артады. 

Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың орталығында желдің күші 15-20 м/с құрайды. 

Шығыс Қазақстан облысының орталығында, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, күндіз Жарма ауданында күші 23-28 м/с артады. 

Алматы облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды. Алакөл көлдерінің ауданында екпіні 29 м/с және одан жоғары көтеріледі.