01 қаз, 2021 сағат 22:45

Қоғамдық кеңестердің іс жүзінде ешқандай өкілеттігі жоқ - саясаттанушы


Қоғамдық кеңестердің іс жүзінде ешқандай өкілеттігі жоқ. Бұл туралы саясаттанушы, Алматы қоғамдық кеңесінің мүшесі Марат Шибұтов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қоғамдық кеңестер мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты ала алмайды. Бізге дәлелді және нақты жауап керек. Бұл ретте мемлекеттік органдардың жауапкершілігі жоқ. Соның салдарынан кейде қоғамдық тыңдаулар мен есеп беру жиыны өтпейді немесе кейінге шегеріледі. Қоғамдық кеңестердің іс жүзінде ешқандай өкілеттігі жоқ», - дейді саясаттанушы. 

Марат Шибұтов ведомствоаралық жұмыс тобын құру қажет деп санайды. 

«Бізге жеке қабылдау, мысалы, этика кеңесіне сұрақ қою сияқты құралдар қажет. Әкімнің бұйрығымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылуы керек. Бізде ондай ештеңе жоқ. Іс жүзінде тек хат алмасу тәсілі мәселені шешпейді. Бізге жүктелген жауапкершілікті орындау үшін өкілеттіктер де қажет», - деді Марат Шибутов өз сөзінде.