12 ақп, 2019 сағат 15:20

ҚМДБ маникюр, шаш бояу, кірпік жапсыруға қатысты пәтуа шығарады

Елордада Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ғұламалар кеңесінің кезекті ХХІ мәжілісі өтіп жатыр. Бұл жайында діни басқарманың баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Желілік маркетинг үкімі», «Маникюр жасаудың үкімі», «Шашты бояудың үкімі», «Жасанды кірпік жапсырудың үкімі», «Телефон және интернет арқылы неке қию үкімі» тағы да басқа тақырыптарға әзірленген пәтуалардың мәтіні талқылануда»,  - деп жазды ол.