Қазақстан халқы ассамблеясы пневмонияның өршуіне байланысты шілдеде дәрігерлер мен провизорлық орталықтарға қолдау білдіріп, бірнеше өңірдегі медицина қызметкерлеріне көмек көрсетті. Дәрілік препараттар мен жасанды тыныс алу аппаратын сатып алуға 151 миллионнан аса қаражат жұмсады. Бұл туралы «Ұлт» порталы хабарлайды.
Ең алдымен Түркістан облысындағы мұқтаж азаматтарға 376 454 347 теңге көлемінде көмек көрсетіп, 515 мыңнан астам медициналық бетперде таратты. Этникалық топ өкілдері бөгеттің арнасынан шығуынан зардап шеккен Мақтаралдағы тұрғындарға 101 миллион теңге мөлшеріндегі соммаға гуманитарлық көмек жіберді. Сондай-ақ, осы қаражатты қажетті құрылыс материалдарын сатып алуға жұмсады.
Сондай-ақ, Құрбан айт қарсаңында Мақтаарал ауданындағы акция кезінде медицина саласының қызметкерлеріне құрбандыққа шалынған малдың еті мен жеміс-жидек, азық-түлік үлестірілді.
Ал Құрбан айтта Алматы қаласында «Мың алғыс» акциясының аясында коронавирус инфекциясымен бетпе-бет келіп жұмыс істеп жатқан медицина қызметкерлерінің отбасына гуманитарлық көмек көрсетті. Көмекті үлестіру кезінде дәрігерлердің көп айдан бері отбасы мен туыстарын көрмегенін ескеріп, оларға сыйлық жасады.
Нақытырақ айтқанда, ассамблея атынан бес тонна азық-түлік түрындегі гуманитарлық көмек қаладағы орталық клиникалық аурухана мен Жанкенов атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді.
Бұл шараға ассамблеяның құрылымдары мен қала және республикалық деңгейдегі өзбекэтномәдени бірлестігі, ұйғыр орталығы қатысты. Сонымен қатар қайырымдылық шарасына татар әтномәдени орталығы, қырғыз орталығы, қоғамдық келісім кеңесі және Қазақстан халқы ассамблеясы кәсіпкерлер қауымдастығы, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы, еріктілер орталығының белсенділері атсалысты.
Сонымен қатар Ақтөбеде дәрігерлерге төрт жүз мың теңге мөлшерінде қаржылай көмек көрсетілді.
Бұл шара да Құрбан айт қарсаңында жасалды. Ақтөбедегі «Қоғамдық келісім» қызметкерлері мен ассамьлея жанындағы кеңес, «Бірлік» еріктілер орталығының мүшелері медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетті.
Бұл жерде де коронавирус пандемиясы кезінде аянбай еңбек етіп жүрген дәрігерлердің еңбегі ескеріліп, көмек көрсетілді.
Сонымен қатар Ақтөбеде медицина қызметкерлері тұрып жатқан жатақханаға Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері барып, жағдайларын біліп қайтты.
Ал ассамблея мүшелерінің қатысуымен «Мың алғыс» республикалық акциясы аясында Көкшетауда көпбалалы медицина қызметкерлеріне көмек көрсетілді. Қазақстан халқы ассамблеясы бұл шараға пандемия кезінде моральдық және қаржылық қолдау көрсету мақсатында атсалысты.
Еріктілер этномәдени бірлестік-орталық өкілдерімен бірге Көкшетау қаласында №1 отбасылық денсаулық орталығына барды. Сонымен қатар коронавирус инфекциясы табылған науқастармен жұмыс істейтін он көпбалаалы медицина қызметкерінің отбасына барып, әр ұлттың тағамы мен жемістер сыйға тартты.
Ал этномәдени бірлестіктердің белсенді өкілдері Қостанайда аудандарда көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға гуманитарлық көмек көрсетті. Сонымен қатар Тобыл қаласындағы провизорлық емхананың дәрігерлеріне аазық-түлік пен үй тағамдарын жеткізіп берді.