Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Риддер қаласының досттық үйінің өкілдері бас қосты. Аталған жиында отбасылық құндылықтар, дәстүрлер, руханилықты сақтау мәселелері талқыланды, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Аталған шара аясында, Достық үйінің өкілдері киелі орын «Берегиня» бұлағына барып, «Отбасының амандығы – елдің амандығы» атты іс-шара өткізді.
«Бұл шара біз үшін аса маңызды. Себебі отбасылық құндылықтар, дәстүрлер, рухани байлық деген дүниелер қай елде болмасын, қай ұлтта болмасын бірінші орында тұратын нәрсе деп білемін. Біз сондықтан да бүгін бас қосып, негізгі мәселелерді ортаға салдық. Отбасылық құндылықтарды бала-шағамызға кішкентайынан сіңірсек, дәстүрге қанып өссе, рухани бай болса, бұл ұлтымыз үшін де, мемлекетіміз үшін де өте пайдалы. Себебі біздің мемелкеттің бір шаңырақ асында қаншама ұлт өкілдерін сыйдырып, ашық аспан астында бейбіт өмір сыйлап отырған берекелі мемелкет», - дейді Наталий Пак.
Кездесуге қатысушылар отбасылық құндылықтарды, дәстүрлерді, руханилықты сақтау бойынша ұлттық мемлекеттік міндеттерге қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.
Сондай-ақ, пандемия жағдайында жан-жақты дамудың жалғасуын ескере отырып, еліміздің жаңа өмір салтына көшуге арналған Қазақстан Республикасының басшысы Қ. Тоқаевтың Жолдауын іске асырудағы этносаралық қатынастар саласындағы саясат пен Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі тақырыбы қозғалды. Өскелең ұрпақты «дұрыс жолмен» тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінді.
Ал риддерлік Алексендра Аюпованың айтуынша, балалар тәрбиесінде этносаралық қарым-қатынастың маңыздылығы ерекше. Өйткені бір шаңырақ астында көптеген ұлт өкілдерінің өмір сүруі, бір нан мен бір суды бөлісе ішуі ешкімнің қолына келе бермейтін ерлік.
«Иә, біздің болашағымыз – балаларымыз, елдің болашағы – жастар. Ал болашақтың жарқын болуы үшін бүгін жұмыс істелуі керек. Біз бәріміз анамыз. Отан анамыз үшін, ана жүрегімізбен еңбек еткіміз келеді. Сол үшін әркім өз отбасынан, өз баларынының тәрбиесінен бастаса дейміз. «Отан – отбасынан басталады деген» тамаша сөз бар қазақта. Бүгінгі бейбіт өміріміз үшін Елбасы Н.Назарбаев пен Президент Қ.Тоқаевқа алғысымыз шексіз», – дейді Александра Аюпова.
Талқылау барысында жиналғандар пікір алмасып, жолдауды уақытылы әрі тиімді іске асыру үшін этномәдени бірлестіктердің қызметіндегі негізгі бағдарларды айқындады.
«Біз балаларға отбасы институтының маңыздылығын көрсету, оларға қоғамның өз ұяшығын құру – әлеуметтік даму саласындағы маңызды саты екенін жеткізу үшін үздіксіз жұмыс істеп келеміз. Болашақта бақытты отбасылық адам болу үшін күшті және салауатты қарым-қатынастың негізін түсіну керек. Негіз - бір-бірінің мүдделері мен іс-әрекеттерін құрметтеу, өзара түсіністік, қолдау, жылулық пен махаббат. Сонымен қатар отбасы туралы әңгімелесудің негізгі мақсаттарының бірі жас ұрпақтың санасында ата-аналарға деген құрметті нығайту болып табылады», - деп атап өтті кездесуді ұйымдастырушылар.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Риддер қаласының досттық үйінің өкілдері бас қосты. Аталған жиында отбасылық құндылықтар, дәстүрлер, руханилықты сақтау мәселелері талқыланды. Талқылау барысында жиналғандар пікір алмасып, жолдауды уақытылы әрі тиімді іске асыру үшін этномәдени бірлестіктердің қызметіндегі негізгі бағдарларды айқындады.