Сурет: Getty Images
Король III Чарльз Ұлыбританияның жаңа премьер-министрін тағайындады. Бұл қызметке лейбористер лидері Кир Стармер келді, деп хабарлайды Sky News.
Сэр Кир Стармер Букингем сарайындағы корольдің ресми қабылдауынан кейін премьер-министр болды.
Король Стармерді кешегі сайлауда жеңіске жеткеннен кейін жоғарғы лауазымды иеленуге әрі жаңа үкіметті құруға шақырды.
Кир Стармер ресми түрде Ұлыбританияның 58-премьер-министрі атанды.
Айта кетейік, премьер-министр болған Риши Сунак сайлауда жеңілгеннен кейін Ұлыбритания үкіметі басшысы қызметінен кететінін мәлімдеді.