Киев орталығында болған жарылыстың алдын ала себебі анықталды, деп хабарлайды Укринформ.
Киевтің Пушкинская көшесіндегі жарылысқа гранатаны ұқыпсыз пайдалану негізгі себеп болуы мүмкін. Бұл туралы Киев полициясының басшысы Андрей Крищенко айтты
Крищенконың айтуынша, жарылыс салдарынан көз жұмған адамдар өзара таныс болған. Олар жарылыс болған Пушкинская көшесіндегі кеңсенің жанында әңгімелесіп тұрған.
Сондай-ақ, марқұмдарға ешкімнің жақындамағанын және кикілжіңнің болмағанын көрсететін бейнекамера жазбалары мен куәгерлер бар.
«Біз оқиға орны мен кеңсе ғимаратын тексеріп, ішімдік қалдықтарын таптық. Қаза тапқандардың бірінің тұрғылықты мекенжайын тінту барысында граната тұтандырғыш табылды», - деді Крищенко.
Құқық қорғаушылар Украина Қылмыстық кодекісінің 115-бабы 2 бөлігі бойынша іс қозғап, тергеп жатыр.