05 нау, 2021 сағат 10:01

Хоккей: «Барыс Аренаға» жанкүйерлер қайта кіретін болды

Елордадағы «Барыс Арена» стадионына жанкүйерлер қайта кіретін болды, деп хабарлайды  "Ұлт ақпарат".

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт істері және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Серік Сәпиев Instagram -дағы парақшасында мәлім етті. 

«Барлығы да хоккейге! Хоккей жанкүйерлері үшін жақсы жаңалық. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, Құрлықтық хоккей лигасы аясында плей-оффматчтарын толымдылығы 30 пайыздан аспайтындай жанкүйерлердің қатысуымен өткізуге рұқсат берілді. Ертең, 6 наурыз күні сағат 17.00-де «Барыс» «Металлургпен» күш сынасады», деп жазды Сәпиев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Барыстың» овертаймда «Металлургтан» басым түскенін жазған болатынбыз.

Ойындар сериясында екі матчтан кейін есеп тең – 1:1.