29 қыр, 2020 сағат 11:30

ХҚКО-да бірқатар қызмет мобильдік қосымшаға енді

Енді eGovMobile қосымшасы арқылы халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-дағы кезекке тапсырыс беріп немесе қайта брондауға болады. Ол үшін Азаматтар қызметті пайдалану үшін «Арнайы қызметтер» бөліміндегі «Кезекті онлайн брондауды» функциясын таңдауы қажет, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Бұл қосымша арқылы тұтынушы өзіне жақын орналасқан ХҚКО мен ыңғайлы уақытты таңдай алады.

«Біз пайдаланушылардың компьютерге әрдайым кіруге мүмкіндігі болмайтынын және қосымша арқылы кезекке тұру ыңғайлы және жылдам екенін түсініп, қызметті қосымшаға шығару туралы шешім қабылдадық. Сондай-ақ, қосымшада бірнеше қызметті таңдау мүмкіндігі қарастырылған. Яғни, қазақстандықтар бір рет брондау арқылы үш қызметке дейін ала алады. Ол үшін «Бірнеше қызметтер беру» тармағын белгілеу қажет. Содан кейін оған көп уақыт бөлінеді», - деді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

Осылайша Халыққа қызмет көрсету орталықтары халықтың қалтасында жүретін мүмкіндік туып отыр. Енді қазақстандықтар аталмыш мекемелерге байрмай-ақ мемлекеттік қызметтерді мобильді қосымша арқылы ала алады.

Және  аталған қосымша арқылы азаматтар «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жағдайы мен қозғалысы туралы ақпарат беру» жаңа қызметін пайдалана алады. Осы арқылы өздерінің әлеуметтік есептемелерін тексеруге мүмкіндік бар. Ал анықтаманы бірнеше минут ішінде алуға болады.

Сонымен бірге, «Құқықтық көмек» бөлімінде «Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің Арнайы мемлекеттік мұрағатынан мұрағаттық анықтамаларды немесе мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін алу» қызметі де қолжетімді болып отыр.

Тұрысовтың айтуынша, бұл қосымшада электрондық үкіметтің сұранысқа ие 70-тен астам қызметі мен цифрлық құжаттардың 6 түрі іске асырылады.

Статистикаға сүйенсек, бүгінде 1 млн 400 мыңнан астам адам моблильді үкіметті пайдаланады. Мұндай жұмыстар бұдан әрі жаслғаса берсе, алдағы уақытта азаматтардың халыққа қызмет көрсету орталықтарына барудың қажеті де болмайды. Яғни, Халыққа қызмет көрсету орталықтары халықтың қалтасына жүреді деген сөз.

Естеріңізге сала кетейік, Енді eGovMobile қосымшасы арқылы халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-дағы кезекке тапсырыс беріп немесе қайта брондауға болады. Ол үшін Азаматтар қызметті пайдалану үшін «Арнайы қызметтер» бөліміндегі «Кезекті онлайн брондауды» функциясын таңдауы қажет. Бұл қосымша арқылы тұтынушы өзіне жақын орналасқан ХҚКО мен ыңғайлы уақытты таңдай алады.