Фото: pexels.com
BBC израильдік дәрігерлердің сөзіне сүйеніп хабарлауынша, Израильдің солтүстігіндегі Биньяминге дрон шабуылынан 60-тан астам адам жарақат алған.
United Hatzalah еріктілер ұйымы зардап шеккендердің жағдайы ауырдан орташа деңгейге дейін екенін нақтылады. Бес адам тікұшақтар мен жедел жәрдем көліктерімен ауруханаларға жеткізілген.
Шабуылға жауапкершілікті ливандық "Хезболла" қозғалысы өз мойнына алды, олар шабуылдың мақсаты Израиль армиясының "Голани" бригадасының оқу лагері болғанын мәлімдеді. "Хезболланың" мәлімдемесінде бұл шабуыл бейсенбіде Израильдің Бейрут пен Оңтүстік Ливанға жасаған соққыларына жауап екені айтылған. "Хезболла" көптеген дрон жібергенін мәлімдеді.
Басылымның жазуына қарағанда, Израильдегі цензура БАҚ-қа қандай да бір нысанның қай жерде соққыға ұшырағанын хабарлауға рұқсат бермейді, бірақ кейбір израильдік БАҚ-тың хабары бойынша, жарылыс төмен биіктікте ұшып келген дроннан шыққан және одан дабыл қағылмаған болуы мүмкін.