Женевада Зимбабве, Ботсвана, Намибия және ОАР-дан басқа құрлықтарға піл экспорттауға тыйым салу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды DW басылымы.
Осы шешімді Жойылудың алдында тұрған жабайы фауна және флора түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияға (ағыл. Convention on International Trade in Endangered Species of Wild Fauna and Flora, CITES) қосылған 180-нен астам мемлекет қабылдады. CITES-тің 27 тамыз күні Женевада өткен конференциясында аталған қаулының қабылдануын 87 делегат қолдап, 29-ы қарсы болған, 25-і бейтарап қалған.
Бұл шешімге әсіресе Зимбабве қарсы. Германияның Pro Wildlife ұйымының дерегіне сүйенсек, Зимбабве 2012-2017 жылдар аралығында Қытайға 108 піл төлін сатқан.