Сурет: ашық дереккөз
Корея республикасы халық санының азаюына байланысты ұлттық ауқымдағы төтенше жағдайға тап болды, ел билігі бұл қауіпті еңсеру үшін кешенді шараларды жандандырып жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.
Президент Юн Сок Ёльдің бастамасы бойынша 3 қадамды қолға алынған:
- - жұмыста икемді кесте енгізу;
- - бала күтімін қолдау жүйесін жақсарту;
- - қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету.
Билік мұндай құқықты пайдаланатын ата-аналардың үлесін 2027 жылға қарай қазіргі 7 пайыздан 50 пайызға дейін ұлғайту мақсатында декретке шығу ережелерін жеңілдетуді және оларды әкелерге қатысты қолдануды жоспарлап отыр.
Жұмыс берушілерге декретке шыққан қызметкерлердің орнына уақытша жұмысшыларды жалдау үшін субсидия да беріледі екен. Балалары бар отбасылар жеңілдетілген ипотекалық шарттар мен кеңейтілген салықтық жеңілдіктерге ие болады, ал құрылыс фирмалары жаңа пәтерлерді сату кезінде жаңадан отау құрғандарға қазіргі 18 пайыз орнына жаңа тұрғын үйлердің 23 пайызын бөлуге міндетті болады.