10 шіл, 2020 сағат 10:05

Халық өздеріне қажет емес дәрілерді де сатып алып жатыр – Президент

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сall-орталықтардың тәулік бойы қызмет көрсетуін қамтамасыз етіп, жұмысын күшейту керектігін тапсырды, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.

«СК Фармация» компаниясын білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесін шешу қажет. Қазақстанда дәрі мен медициналық бұйымдардың көптеген түрін өндіруді жолға қоятын кез келді. Қашанға дейін импорттық дәрілерге тәуелді боламыз? Намысымыз қайда?» - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президенттің айтуынша халықты үрей мен қорқыныш билеген.

«Тіпті олар өздеріне қажет емес дәрілерді де сатып алып жатыр. Адамдар әлеуметтік желідегі әртүрлі күмәнді ақыл-кеңестерге құлақ асуда. Сall-орталықтардың тәулік бойы қызмет көрсетуін қамтамасыз етіп, жұмысын күшейту керек», - деді ол.