18 сәу, 2019 сағат 12:12

«Халық чемпионы қайта оралды» - GGG келесі айқасының ресми ұраны

Танымал қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің командасы оның боксқа қайта оралуына байланысты постер мен ұран дайындады, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясы.

GGG-дің канадалық Стив Роллспен айқасының ресми постеріндегі жазу мынадай - «The Return of the People's Champion». Ағылшын тілінен аударғанда «Халық чемпионының оралуы» деген мағынаны білдіред

«Достар, менің сіздерге жақсы жаңалығым бар. Маусымда Нью-Йоркте кездескенше!», - деп жазды Головкин әлеуметтік желіде.

Еске салайық, таяуда қазақстандық аты аңызға айналған боксшының командасы оның канадалық Стив Роллспен жекпе-жегі өтетінін хабарлаған еді.

Бұл айқас - Головкиннің кәсіби мансабындағы 41-ші жекпе-жегі. Ол мұның алдындағы айқастарда 38 рет жеңіп, 34 жекпе-жекті нокаутпен аяқтады. Сондай-ақ, боксшының пассивінде 1 тең нәтиже мен 1 жеңіліс бар. Ол бұл нәтижелерді мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альвареспен айқас өткізгенде көрсеткен болатын.