07 шіл, 2022 сағат 17:55

Кеосаянның YouTube-тағы авторлық каналы бұғатталды


Қазақстанды Украинадағы соғыспен қорқытқан ресейлік журналист Тигран Кеосаянның YouTube-тағы авторлық каналы бұғатталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Болды. Менің ютуб-тағы авторлық «Кеосаян daily» атты каналым бұғатталды. Таңқалған жоқпын», - деп жазды ол Telegram-каналында.

Айта кетейік, сәуірде Кеосаян YouTube арнасында видео жариялап, қазақстандықтар «Украинаға қарасын» деген мағынада мәлімдеме жасаған еді.Кейін оның Қазақстанда террористермен бірге бір тізімге енгізілгені белгілі болды.