10 мау, 2021 сағат 16:02

Кенияда коронавирусқа қарсы вакцинаның орнына су пайдаланған


Кения мемлекеттік ауруханаларындағы медицина қызметкерлері жергілікті тұрғындарға Covid-19 вакцинасының орнына су салған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" News24-ке сілтеме жасап.

Ел тұрғындары COVID-19 вакцинасына қатысты жоспарға сәйкес англо-швед фармацевтикалық компаниясының AstraZeneca препаратын тегін алуға құқылы. Вакциналау мемлекет аккредиттеген арнайы медициналық орталықтарда жүргізіледі.

Алайда дәрі-дәрмектің жетіспеуіне байланысты кейбір дәрігерлер кениялықтарға ақша үшін вакцина ұсына бастаған, ал вакцинаның орнына су еккен.

Елдің денсаулық сақтау министрі Мутахи Кагве азаматтарды вакцина үшін төлем жасамауға және күдікті мамандардан тегін дәрі-дәрмек күтпеуге шақырды. 

Оның айтуынша, билік алаяқтықтың осындай жағдайларын тергеуді бастады және қылмыстық іс қозғады.