23 шіл, 2020 сағат 10:37

Келесі жылы әлем тұрғындары жаппай вакцинацияланады

Әлем тұрғындарын жаппай вакцинациялау науқаны келесі жылдың ортасында басталуы мүмкін. Мұны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бас директорының орынбасары Сумия Сваминатан мәлімдеді, - деп хабарлайды Қазақстан ұлттық арнасы. 

Өйткені, короновирус пандемиясы жеделдемесе, баяуламай отыр. Соңғы сегіз күннің өзінде Covid-19 инфекциясын тағы 2 миллиондай  адам жұқтырып, планетада инфекцияланғандардың жалпы саны 15 миллионнан асты. 

Таиландта коронавирус жұқтырғандар көп болмаса да, сәуірде жарияланған төтенше жағдай режимі тамыздың соңына дейін ұзартылды. Осы туралы қаулыға сәйкес, үкімет басшысы үйден шығуға, көп болып жиналуға, қоғамдық көлікті қолдануға тыйым сала алады.Соңғы екі айда бұл корольдікте жергілікті тұрғындардан инфекциясын жұқтыру дерегі байқалмаған. Десе де, жыл басынан бері Таиландта коронавирус 3 мыңнан астам адамнан табылып, 58-і қайтыс болды.

Австралия пандемия басталғалы ең ауыр күнді бастан кешіріп жатыр. Мұнда өткен тәулікте қауіпті ауруға 502 адам шалдыққан. Айта кетсек, бұл мемлекетте жақында эпидемия қайта өршіп, Виктория штатында 5 миллионға жуық адам карантинге жабылған еді.

Ресейде індет жұқтырғандар саны 790 мыңға жуықтады. Пандемия кесірінен 10 миллионнан астам жұмысынан айырылды, ал тұрғындар сұрау нәтижесінде екінші толқынға дайындалып жатқанын айтады.

15 шілдеден бастап Ресей жасап, сынақ жүргізген вакцина емханаларға таратыла бастады. Бұл орайда жергілікті ғалымдардың пікірі екіге жарылды: бірі вакцинаның вирусқа қарсы иммунитет қалыптастыруға күші жетеді десе, енді бірі сапалы екпе жасауға бес жыл керек екенін айтады. Айта кетсек, Құрама Штаттарда коронавирусты 3 жарым миллионнан астам адам жұқтырып, 142 мыңға жуығы қайтыс болды. Пандемиядан ең қатты зардап шегіп отырған бестікке Бразилия, Үндістан, Ресей, Оңтүстік Африка да кіреді.

Зерттеулерге қарағанда, планетада жаңа инфекцияның тарау қарқыны күшті. Алғашқы кезде оны жұқтырғандар саны 2 миллионға бір жарым айда жетсе, қазір осынша адамнан ауру 8 күнде анықталатын болды.