25 қаң, 2022 сағат 14:42

KEGOC елдің оңтүстігінде неге жарық өшкенін түсіндірді


Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания (KEGOC) елдің оңтүстігінде электр қуатының жаппай сөніп қалу себебін атады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«2022 жылдың 25 қаңтарында сағат 11.59-да (Нұр-Сұлтан уақытымен) Орталық Азия (Өзбекстан, Қырғызстан) энергия жүйесінде туындаған айтарлықтай апаттық теңгерімсіздіктің салдарынан «Солтүстік-Шығыс-Қазақстанның оңтүстігі» 500 кВ электр энергиясы транзитіне арналған қуаттың төмендеуі орын алды. 

Соның салдарынан «Солтүстік-Шығыс-Қазақстанның оңтүстігі» транзитінің апатты бөлінуі орын алып, Қазақстанның оңтүстік аймағындағы тұтынушылардың басым бөлігі үшін жарық өшті. Шектелу көлемі шамамен 1 500 мегаватты құрайды. Қазіргі уақытта жүйе операторы «KEGOC» АҚ апатты жою іс-шараларын қабылдап жатыр», - делінген компания ақпаратында.