2017 жылғы 31 наурызда Астана қаласының уақыты бойынша сағат 08.22-де «KazSat-2» ғарыш аппаратында штаттан тыс жағдай орын алғандығы тіркелді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ҚАӨМ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
31 наурыздағы жай-күй бойынша «KazSat-2» ғарыш аппаратының ресурстарын Қазақстан Республикасының байланыс және телехабар тарататын 13 операторы пайдаланады, қазіргі уақытта олардың жұмысы тоқтатылды.
Қазір Республикалық ғарыштық байланыс орталығының мамандары спутниктің штаттық пайдаланылуы мен байланыс және телехабар тарататын операторлар желісінің жұмысын тез арада қалпына келтіру бойынша барлық қажетті іс-шараларды жүргізіп жатыр.
Жүргізілген барлық іс-шаралар бойынша қосымша хабарланатын болады.