Мемлекет тарапынан қаржылай қолдауға ие болған 17 кинотуынды өндірісте жатыр. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов редакцияның сауалына берген жауабында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Министрлік мамандарынан нақтылағанымызда «Қажымұқан» фильмі түсіріліп жатқанын растады. Дегенмен, пандемияға байланысты шектеулер ұжымның жоспарын өзгерткендіктен, аталған фильмнің экранға қашан жол тартатыны белгісіз болып отыр. «2019 жылы өткізілген бірінші конкурс Сараптама кеңесіне түскен 100-ге жуық киножобаның ішінен 58-і іріктеп алынды. Ал, ведомствоаралық комиссия отырысының нәтижесінде 17 киножоба өндіріске жіберілді», - деп жауап берді Нұрғиса Дәуешов.
Вице-министр аталмыш жобалардың тізімін де ұсынды. Олар: «Боксер» (А. Сатаев), «Отансүйгіштер уақыты» (С.Өтепбергенов), «Таңдау» (Е.Тұрсынов), «Өмір» (Э. Байғазин), «Қажымұқан» (Қ.Мұстафин), «Адемокиді оқыту» (Ә.Ержанов), «На старте» (Е.Нұрғалиев), «Тырналар» (Д.Манабай), «Хардкор» (Ф.Шарипов), «Ақын» (Д.Өмірбаев), «От» (А.Қасымбекова) «Даладағы құтқару» (Б.Самбрано), «Нартай» (В.Хубутия), «Слепая любовь» (Чак Чае), «Каникулы OFF-LINE 2» (Э.Курмашев) көркем фильмдері және «Ұстаздың оралуы» (С.Азимов), «Түркістан – кеше, бүгін, ертең» (В.Тюлькин) деректі фильмдері.
Былтыр мемлекеттік қолдауынан үміт еткен 226 киножоба іріктеушілердің алдына түскен. Министрлік өкілі олардың тағдырына да тоқталды.
«2020 жылы өндіріске жіберілетін фильмдердің екінші байқауына түскен 226 киножоба ішінен сараптама кеңесі 58 киножобаға оң қорытынды беріп, ведомствоаралық комиссия оның ішінен 38 киножобаға ұсыным берді», - дейді Нұрғиса Дәуешов.
Олардың тізімі мынадай: «Дос-Мұқасан» (А.Сахаман), «Лето 1941-го года» (Б.Шекеров), «Мама-Я живая!» (М.Мамырбеков, А.Заиров), «Ақ боз үй» (Б.Елубай), «Оліара» (Т.Тот), «Көкбозат» (Ю.Захарова), «Адам мен Алма» (А.Ұзабаев), «Боран» (С.Құрманбеков), «Хирург» (А.Әмірқұлов), «Билет из рая» (А.Бисембин), «Баурына салу» (А.Кучинчиреков), «Паралимпиец» (А.Байракимов), «Братья» (Д.Төлегенов), «Молочная девочка» (М.Балжанов) көркем фильмдері; «Алтын Адам» (М.Тұрдыбек), «Кенже қыз» (И.Ардашов), «Караван историй» (С.Кролевич), «Еркетай» (Ж.Оразхан), «Колыбельная» (Д.Рахматуллин) анимациялық фильмдері; «Батыры Великой Отечественной: Рахимжан Кошкарбаев, Григорий Булатов» (К.Харалампидис), «Горящий октябрь 1941» (Н.Раисов), «Последний рубеж» (Е.Ковардакова), «Властительницы Евразии» (А.Каменский), «Кыз-Жибек: рецепт любви и успеха» (А.Өтекешова), «Бату. Исторический детектив» (Е.Нұрмұхамбетов, Р.Нұғманов), «Касым Джакибаев» (К.Бердімұратова), «Возвращение моря» (В.Вильковиский) деректі фильмдері және «Абайдың қара сөздері» (Б.Әбішев) қысқа метражды фильмдер циклі мен «Алыстағы ағайын» (М.Карменова) деректі фильмдер циклі; «Горячее озеро» (А.Анартаев), «Граната» (Д.Мұрзағалиев), «Көше ақыны» (С.Рақым),«Құс» (Б.Шібікеев), «На восток от рая» (Н.Жұмабеков), «Рух» (М.Қайырхан), «Самый долгий день лета» (А.Бөкешов), «Слезы недорого» (Е.Бектұров), «Таутай-лақ» (Р.Альжанов) қысқа метражды фильмдері және «Ауыл» (С.Апрымов) авторлық/ артхаустық фильмі.