22 ақп, 2021 сағат 17:01

Қазгидромет: Қазақстанның оңтүстігінде күн суытады

«Қазгидромет» РМК 23-25 ақпан күндерінің ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

24-25 ақпан күндері Алматы облысында жаңбыр, қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады. 25 ақпан күні ауа температурасы 3-8 градус жылы болса, кей жерлерде -0-5 градус тіпті -18-23 градусқа дейін суытады. 

23 ақпанда түнде Ақтөбе облысының оңтүстігінде бұрқасын, күндіз кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа, солтүстікке ауысады, кей жерлерінде екпіні 15-20 м/с, түнде 23 м/с болмақ.

Ақтөбе қаласында 23 ақпанда күндіз жаяу бұрқасын болады. 

Ертең Батыс Қазақстан облысының кей жерлеріне тұман түсіп, жаяу бұрқасын болуы ықтимал. Солтүстіктен жел соғады, желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді.

23 ақпанда Орал қаласында жаяу бұрқасын болады. Солтүстіктен жел соғады, екпіні –18 м/с.

24-25 ақпанда Жамбыл облысының кей жерлерінде жаңбыр, қар жауады, бірқатар өңірде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғары болуы ықтимал. 25 ақпанда түнде ауа температурасы 10-15, кей жерлерде 18-23 градус аязға дейін күрт төмендеуі мүмкін.

24-25 ақпанда Тараз қаласында кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады. 23-25 ақпанда оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, желдің екпіні 23-28 м/с. 25 ақпанда түнде ауа температурасының 10-12 градус аязға дейін баруы мүмкін. 

23-25 ақпанда Түркістан облысында кей жерлерде жаңбыр, қар жауады, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болуы ықтимал. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, 24 ақпанда таулы шатқалдарда желдің екпіні 30 м/с және одан жоғары болмақ. 

24 ақпанда Шымкент қаласында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, 23 ақпанда күндіз, 24 ақпанда тәулік бойы желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с болады. 

24 ақпанда Түркістан қаласында бұрқасын, көктайғақ болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, 23 ақпанда күндіз, 24 ақпанда тәулік бойы желдің күші – 15-20, екпіні – 23 м/с. 

23 ақпанда Ақмола облысында күндіз кей жерлерде қалың қар түседі. 23-25 ақпанда кей жерлерінде бұрқасын, тұман болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады.

23-25 ақпанда Көкшетау қаласында жаяу бұрқасын болжанады, шығыстан, оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

24 ақпанда Қызылорда облысында ауа температурасы 15-20, кей жерлерде 23 градус аязға дейін күрт төмендеуі ықтимал.

23 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын болуы мүмкін. Жел оңтүстіктен батысқа ауысып соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с-қа күшеюі ықтимал.

23 ақпанда Қызылорда қаласында күндіз көктайғақ, бұрқасын болжанады. Жел оңтүстіктен батысқа ауысып соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

23-24 ақпанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, кей жерлерінде күші 15-20, екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал.

23 ақпанда Қарағанды қаласында жаяу бұрқасын болады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. 

23 ақпанда күндіз Жезқазған қаласында жаяу бұрқасын болып, жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, екпіні – 15-20 м/с болады.

23 ақпан Атырау облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде, күндіз көп бөлігінде желдің күші 15-20 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал.

23 ақпан түнде Атырау қаласында жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.