03 там, 2020 сағат 09:31

Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жария етті

«Қазгидромет» РМК-ның баспасөз қызметі 4-6 тамыз аралығындағы ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Кәсіпорынның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, Қазақстанның батыс және шығыс бөлігіндегі ауа райына найзағай мен жаңбыр жауына септесетін жыра ықпал етеді. 

Елдің батыс өңірінің кей жерлерінде нөсер жаңбыр жауып, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Кейінгі күндері, жыра Қазақстанның оңтүстік бөліктеріне де әсер етеді, сондай-ақ Иран аудандарынан шығатын жылымық оңтүстік пен оңтүстік-шығыста температураның көтерілуіне әкеледі.