Заман өзгердi, қазақ тiлi қиындықпен болса да бел алып келедi. Демографиялық өзгерiстер де сенiм туғызады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек:
+.1959 жылы қазақ ел халқының 30 пайызы болса, орыстар – 42,7 пайыз болды.
+.1970 жылы қазақтар – 32,6 пайыз, орыстар – 42,4 пайыз, 1979 жылы қазақтар – 36 пайыз, орыстар – 40,8 пайыз,
+. 1989 жылы қазақтар – 40,1 пайыз, орыстар – 37,4 пайыз,
+.1999 жылы қазақтар – 53,4 пайыз, орыстар – 30 пайыз,
+.2009 жылы қазақтар – 63,1 пайыз, қазiр 70 пайызға жақындап қалды. Орыстар болса – 23,7 пайыз.
Елімізде 2009 жылы жүргізілген санақ қорытындысында халық санының 63,1%-ын - қазақтар, 23,7 %-ын - орыстар, 2,9%-ын - өзбектер, 2,1%-ын - украиндер, 1,4%-ын - ұйғырлар, 1,3%-ын - татарлар, 1,1%-ын – немістер құраған.
Ал 2013 жылғы деректе статагенттік халық санының ішінде қазақтардың үлесі 65,2%-ға жетті деп жариялаған.
2017 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан халқының саны 18 034,3 мың адамға жеткені, оның ішінде қала тұрғындары 10 339,4 мың (57,3%), ауыл тұрғындары - 7 694,9 мың адамды құрағаны (42,7%) баяндалды. Бұл жылы қазақ саны 68%-ға жетті деп жарияланды.
Байқап отырсаңыз, орыстардың үлесi соңғы әр он жылда 10 пайызға жуық азайып келедi. Қазақы тiлдiк орта әбден қалыптасып қойды.
Біле жүріңіздер, 2019 жылы Қазақстанның бірнеше аймағында қанатқақты жоба ретінде жаңа технология арқылы халық санағы жүргізіледі. Бұл 2020 жылы жүргізілетін жалпыұлттық санаққа дайындық болады.
2020 жылы Өзбекстан халқы 32 млн болады деген дерек бар. Ал 1897 жылы біз олардан екі есе көп болғанбыз. Ал біздің билік 2050 жылы Қазақстанды мекендейтін адамдардың саны 24,5 млн-ға жететіні жайлы мәлімет таратты. Бұл мәліметке күлеріңді де жыларыңды да білмейсің! Себебі, Ресей де қазір халық санын өсіру үшін жанталасып жатыр. Олар «АНА КАПИТАЛЫ» деген мемлекеттік бағдарлама арқылы демографиялық дүмпу жасауға мықтап кірісті. Бұл елде отбасында екінші сәби дүниеге келсе, бірден 250 мың рубль төленеді. Ал бізде ана мен бала мардымсыз жәрдемақы мен жөргекпұлға жалтақтайды.
Шындап келгенде, Тәуелсiздiк қазақтарға ғана керек екенін өмір өзі көрсетуде. Басқа диаспоралардың көпшiлiгiне оның көк тиынға да керегi жоқ. Олар өздерінің тарихи отанына көшіп кете береді, кетіп те жатыр. Әсiресе, орыстар бiзде көп артықшылықтарды пайдаланып отыр. Олар өз тiлдерiнде ғана сөйлейдi. Мектептерде қазақ тiлi мемлекеттiк тiл ретiнде оқытылса да, оны бiлу оларға мiндеттелмейдi. Одақ кезiндегi сияқты қазақ тiлiн бiлмесе де, 4-5 деген баға қойылып, келесi сыныпқа көшiрiле бередi. Бұл бүкiл оқу процесiне, бiлiм деңгейiне керi әсерiн тигiзiп жатса да мұғалiмдер бiлмегенсiп жүре бередi. Бұл Қазақ елінің болашағына шабылып жатқан балта, көлденең жатқан бөрене болмақ!
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ