20 мау, 2020 сағат 00:46

«Қазақтелекомның» қалалық кеңселері 30 маусымға дейін жұмыс істемейді

«Қазақтелеком» АҚ қалалардағы жеке тұлғаларға қызмет көрсететін кеңселері 19-30 маусым аралығында жабық болады. Бұл жөнінде компанияның қоғаммен байланыс қызметі хабарлады.

Абоненттерге қызмет көрсету онлайн-арналарда жүргізіледі.

«Аудан орталықтарындағы жеке тұлғаларға қызмет көрсету кеңселері 19 маусым мен 30 маусым аралығында дүйсенбі және сенбі күндері сағат 09:00-ден 15:00-ге дейін жұмыс істейді. «Қазақтелеком» АҚ абоненттеріне ыңғайлы болу үшін қызмет онлайн байланыс арналары арқылы ұсынылады» делінген хабарламада.

Мамандар WhatsApp және Telegram арқылы демалыс және мереке күндерін қоса алғанда пайдаланушыларға күн сайын таңғы 8.00-ден кешкі 23.00-ге дейін қызмет көрсетуге дайын.

Кеңес алу үшін абоненттер мына әдістермен хабарласа алады:

Telecom.kz сайтындағы жеке кабинет 

WhatsApp және Telegram + 7 (708) 000 01 60 нөмірі бойынша; 

160 бірыңғай байланыс орталығы; 

165 байланыс орталығы (Орталықтандырылған жөндеу бюросы).