13 сәу, 2022 сағат 15:22

"Қазақтелеком" интернеттегі ақау себебін түсіндірді

Көрнекі сурет: elements.envato.com

Қазақстандықтардың бір бөлігі интернеттегі ақауға байланысты шағымданды. "Қазақтелеком" баспасөз қызметі өкілі осы мәселені түсіндірді - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Google DNS сервері бағытында қысқа мерзімді жүктеуге байланысты осы серверлердің жұмыс істеуі ұзаққа созылды. Трафик теңдестірілді, қазір мәселе шешілді. Интернеттегі ақау аз уақыт ішінде туындады. Клиенттерге шыдамдылық пен түсіністік танытқандары үшін алғыс айтамыз", - деп түсіндірді компания өкілі.

Айта кетейік, 13 сәуірде қазақстандықтар кейбір сайттар мен сервистерге кіруде проблема туындағанын айтты. Қазір интернеттегі ақауға байланысты шағым жоқ.