09 мау, 2021 сағат 14:47

"Қазақтелеком" интернет ақаудың себебін түсіндірді


9 маусымда Алматы уақытымен күндізгі сағат 11 шамасында Қазақстандағы кейбір қолданушылар интернеттің жоғалып кеткеніне шағымданды. Елдегі негізгі провайдер "Қазақтелеком" компаниясының баспасөз қызметі оны "техникалық ақаумен" байланыстырды. 

"Сағат 11-де Қазақстанда тұрақты және мобильді интернет қызметі қысқа уақытқа тоқтап қалды. Бұл "Қазақтелеком" желісіндегі құрылғылардың жұмыс алгоритмін оптимизациялаумен байланысты. Бұл процесс серверлік жабдықтардың техникалық көрсеткіштерін жетілдіру және желілік сыйымдылықты кеңейту ниетімен байланысты" делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Компания техникалық ақаудың салдарынан туындаған ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұраған.