03 нау, 2017 сағат 09:01

Қазақстанның үш өңірінде лауазымды тұлғалар ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қарағанды, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облысының лауазымды тұлғалары ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына сілтеме жасап.

"Қарағанды облысы бойынша департаментімен Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің №3 дәрігерлік-әлеуметтік сараптамалық бөлімінің басшысы М. Оспановтың жүйелі түрде жалпы сомасы 300 000 теңге мөлшерінде пара алғаны әшкереленді" делінген хабарламады.

2 наурызында М.Оспанов 3-топ мүгедегін кедергісіз ұзарту үшін 80 мың теңге мөлшерінде кезекті пара алып жатқан жерінде ұсталып, Жезқазған қаласының ІІБ УҰА қамалды.

Ал Жамбыл облысында 300 000 мың теңге пара алғаны үшін Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Б. Сазанбай ұсталды. Ақша қаражаттарын күдікті жерге орналастыру жобасына қол қою үшін алған. 

Сонымен қатар, жер телімін беру үшін Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би ауданы Леңгер қаласының әкімі С. Байымбетов пен осы ауданның жер қатынастары бөлімнің бас маманы А. Тұрғын 100 000 теңге сомасында пара алып жатқан жерінде қолға түсті.

"Б. Сазанбай, С. Байымбетов және А.Тұрғын жасаған қылмыстарын толық мойындап отыр. Сондықтан сот алды өндірісі қысқартылған тәртіпте аяқталады" дейді Ұлттық бюродағылар.