Республиканың оңтүстік өңірінде қатты ыстық болады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.
Ираннан жылжыған ыстық ауа ағындарына байланысты республиканың оңтүстік облыстарында 35-40 градус ыстық пен елдің оңтүстігінің кей аумақтарында 45°С дейін ыстық сақталады.
Ал Қазақстанның солтүстік және шығыс облыстарына Оралдан жылжыған салқын әрі ылғалды ауа әсер етеді. Нәтижесінде ыстық басылып, кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.