Қазақстанның мәдениеті, салт-дәстүрі мен өнері Африкада танытылады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ТҮРКСОЙ ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов Конго Демократиялық Республикасымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Енді түбі бір түркі елдерінің тарихын Африка құрлығы танитын болды.
Конгоның Мәдениет, өнер және мирас министрі Кэтрин Катунгу Фурахтың айтуынша, бұл құжат мәдениет, өнер және академиялық зерттеулер саласында ортақ жұмыс атқарып, жақындасуға мүмкіндік береді.

«Түркі халықтарының мұраларымен танысатынымызға қуаныштымын», - деді ол.
Сондай-ақ ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов халықаралық түркі мәдениеті ынтымақастығы ұйымының жобаларына африкалық өнерпаздар мен ғалымдардың мүше ретінде қатысатынына қуанышты екенін жеткізді.
Сапар барысында ТҮРКСОЙ ұйымы алғашқы шара ретінде Юнус Эмренің көрмесін өткізді.


