11 қар, 2020 сағат 14:37

Қазақстанның Халық партиясы Орталық комитетінің жаңа мүшелері сайланды

Елордада Қазақстанның халық партиясының (бүгінге дейін Қазақстан коммунистік халық партиясы) кезектен тыс XV съезі өтіп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Партияның Орталық комитетінде еліміздің 14 облысы мен 3 республикалық маңызы бар қаласында өкілеттілік бекітілді. Орталық комитеттің құрамында барлығы 34 мүше бар», - деді ҚКХП-ның хатшысы Жамбыл Ахметбеков. 

Съезд қатысушылары Орталық комитеттің жаңа мүшелерін дауыс беру арқылы сайлады. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, елордада Қазақстанның халық партиясының кезектен тыс XV съезі өтіп жатыр. Аталған шарада партия атауы өзгеріп, ребрендинг жасағаны белгілі болды.