Қазгидромет еліміздегі ең қатты ластанған қалалардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Мамандар өткен аптада еліміздің ірі қалаларындағы атмосфералық ауаның сапасын өлшеген. Зерттеу барысында келесі көрсеткіштер тіркелген:
Ластанған ауамен тыныстайтындар көшін Астана тұрғындары бастап тұр. Мұнда зиянды заттардың шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің бір мың үш жүзден аса жағдайы тіркелген.
Екінші орында - Қарағанды қаласы. Қарағандыда ауаның ластану деңгейі елордадан үш есеге дерлік аз.
Үшінші орында - Алматы.
Ең таза ауа Шымкент пен Ақтөбеде тіркелді.