Қазгидромет 20 қарашада еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
20 қарашада Қызылорда облысының солтүстігінде тұман сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде өңірдің оңтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Қарағанды облысының батысында тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан, жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады
Ақмола облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі.Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында және солтүстігінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.