27 шіл, 2020 сағат 19:22

Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сілтеме жасап.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 2020 жылдың 27 шілдесіндегі деректер бойынша 28 шілде күні Ақмола облысының кей жерлерінде күндіз жаңбыр жауады. Бірқатар аумағына найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғып, кей жерлерді жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 

Нұр-Сұлтан қаласында 28 шілде күні күндіз жаңбыр жауады. Найзағай, бұршақ жауы мүмкін. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз екпіні секундына 15-18 метрге жетеді. Көкшетауда найзағай ойнайды. 

28 шілдеде Қарағанды облысының кей жерлерінде жаңбыр жауады. 28-29 шілдеде кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл тұрып, бұршақ жауады. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, жылдамдығы бірқатар аумата секундына 15-20 метр, екпіні 23-28 метр болады. Облыстың оңтүстігінде өрт қауіпі сақталады. 

Қарағандыда найзағай ойнап, күшті жел тұрады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына күндіз 18 метрге жетеді. Жезказганда күндіз найзағай ойнап, жел күшейеді. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 18 метрге жетеді. 

Қызылорда облысының кей жерлерінде түнде және таңертең найзағай ойнайды. Таңертең және күндіз солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғып, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады, шаңды дауыл тұруы ықтимал. Күндіз өте жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Қызылордада түнде және таңертең найзағай ойнауы ықтимал. 

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрып, бұршақ жауады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қостанайда найзағай ойнауы мүмкін. 

28 шілдеде күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. 

Шымкентте 28 шілде күні солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метр болады. Түркістан қаласында күндіз солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, оңтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20, күндіз екпіні 25 метр болады. 

Өскемен қаласында 28 шілде күні найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ойысып, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. 

Семейде 28 шілде күні күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ойысып, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. 

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с-қа жетеді. 

Петропавлда күндіз найзағай ойнайды. 

Ауа райы болжамының ықтималдылығы 75-100 %