28 нау, 2018 сағат 14:36

Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

29 наурызда бірнеше облыста дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". 

"29 наурызда Ақмола облысының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман болады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, оның күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады. Қостанай облысында кей жерлерде тәулік бойы желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с болады, көктайғақ, тұман түседі", — деп ескертеді метеорологтар. 

29-31 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан жел соғып, найзағай ойнайды.

29 наурызда Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде оның екпіні 23-28 м/с болуы ықтимал. 

Тараз қаласында 29 наурызда оңтүстік-батыстан екпінді жел соғады, кей уақытта күші 23-28 м/с-қа жетеді. 

Астана қаласында 29 наурызда көктайғақ, бұрқасын, тұман болады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан күші 15-20 м/с.жел соғады деп болжанып отыр.