Қазгидромет 3-5 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Оңтүстік циклонның өтуімен жаңбыр, республиканың жекелеген аудандарында қатты жаңбыр жауады. Бұршақ жаууы мүмкін. 4 маусымнан бастап Скандинавия аудандарынан антициклонның енуімен республиканың солтүстік жартысында ауа температурасының айтарлықтай төмендеуі болжанады. Түнде температура 2-7 градус жылы, күндіз 10-20 градусқа көтеріледі, ал оңтүстік бөлікте күндіз 28-35 градусқа жетіп, ыстық бәсеңдейді», - делінген хабарламада.