24 ақп, 2021 сағат 09:06

Қазақстанның басым бөлігінде аяз сақталады

«Қазгидромет» РМК 25-27 ақпан аралығындағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

«Арктикалық антициклон батыс аймақтарды қоспағанда, республиканың басым бөлігінде ауа температурасының одан әрі төмендеуіне әкеледі. Батыста Атлантика циклонының ықпалынан ауа температурасының күндіз оң мәндерге дейін жоғарылауы күтіледі.

Қазақстанның жекелеген өңірлерінде қар жауады, шығыста және оңтүстік-шығыста қар мол түседы. Ал батыста, 27 ақпан күні оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болжануда.

Жалпы ел бойынша кей жерлерінде тұман, бұрқасын, екпінді жел күтіледі», - делінген хабарламада.