20 шіл, 2020 сағат 17:10

Қазақстанның барлық өңірінде қатты ыстық болады - Қазгидромет

Ел астанасы мен Қазақстанның тоғыз өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". «Қазгидромет» РМК-ге сілтеме жасап.

Қостанай облысында 21 шілде күні кей жерлерде күн күркіреп, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыс, шығыстан 15-20 м/с, кей жерлерде секундына 23 метрге дейін жететін жел соғады. Қостанайдың оңтүстігінде 21 шілде күндіз 35-38 градусқа дейін қатты ыстық болады. Қостанай облысының көп аумағында өрт қауіптілігінің жоғары дәрежесі сақталады. 

Қостанайда 21 шілдеде күн күркіреп, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыс пен шығыстан секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Дауыл тұру ықтималдығы – 90-95%.

Қызылорда облысында 21 шілде күні солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 40-42 градусқа дейін қатты ыстық, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. 

Қызылордада 21 шілде күндіз 40 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Дауыл тұру ықтималдығы – 90-100%.

Солтүстік Қазақстан облысында 21 шілдеде кей жерлерде күн күркіреп, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 

Петропавлда 21 шілде түнде күн күркіреп, найзағай ойнайды. 21 шілде күні тәулік бойы солтүстік-шығыстан жел соғып, оның жылдамдығы 15-20 м/с болады. Дауыл тұру ықтималдығы – 90-95%.

Ақмола облысында 21 шілде кей жерлерде күн күркірейді. Дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-18 метрге жетеді. 

Нұр-Сұлтанда 21 шілде кей жерлерде күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы 15-18 м/с жетеді. 

Көкшетауда 21 шілде күні күн күркіреп, найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстік шығыстан 15-18 м/с жел соғады. Дауыл тұру ықтималдығы – 85-90%.

Түркістан облысының таулы аймақтарында 21 шілде күні күн күркіреуі мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы күндіз секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың көп бөлігінде күндіз 41 градусқа дейін қатты ыстық болуы мүмкін, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. 

Түркістанда 21 шілде күндіз 41 градусқа дейін қатты ыстық болады. Дауыл тұру ықтималдығы – 90-95%.

Батыс Қазақстан облысында 21 шілдеде кей жерлерде күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. 

Оралда 21 шілде күндіз күн күркірейді. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы күн күркіреуі кезінде 18 м/с жетеді. Дауыл тұру ықтималдығы – 85-90%.

Шығыс Қазақстанда 21 шілде күні кей жерлерде күн күркіреп, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20, күндіз 23-28 м/с жетуі мүмкін. Кей жерлерде 35 градусқа дейін қатты ыстық болады. 

Өскеменде 21 шілдеде күн күркіреп, күндіз солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады. Жылдамдығы – 15-20 м/с. 

Семейде 21 шілде күн күркіреп, найзағай ойнауы мүмкін. Күндіз солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Маңғыстау облысында 21 шілде күндіз кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Дауыл тұру ықтималдығы – 90-95%.

Атырау облысының батысында 21 шілде күндіз күн күркіреп, солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады. Күн күркіреу кезіндегі желдің жылдамдығы – 18 м/с жетеді. Күндіз төтенше өрт қауіптілігі сақталады. 

Атырауда 21 шілде күндіз 38 градусқа дейін қатты ыстық болады. 

Дауыл тұру ықтималдығы – 90-95%.