16 ақп, 2021 сағат 12:55

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Qazaq Air әуе компаниясына жоспарлы инспекция жүргізуде

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Qazaq Air әуе компаниясына жоспарлы инспекцияны бастады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Азаматтық авиация комитетінің Telegram арнасына сілтеме жасап.

«Әуе компаниясыыың ұшуды пайдалану, ұшуға жарамдылығы және медициналық саладағы, сондай-ақ лицензиялар мен сертификаттар беру бойынша қызметі тексеріледі. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі жылына кемінде бір рет әуе кемелерін пайдаланушыларға инспекция жүргізеді», - делінген комитеттің хабарламасында. 

«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары Линда Орлэдидің айтуынша, әуе арқылы қызмет көрсететін компаниялар жылына кем дегенде бір рет тексеріледі. Qazaq Air әуе компаниясын тексеруге 10 маманнан тұратын инспекциялық комиссия жолданады. Алайда бұл тексерістің өткен сенбідегі Qazaq Air компаниясының ұшақтарына қатысты оқиғаларға қатысы жоқ.