Қазақстанның 9 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қазгидромет» РМК-ның болжамына қарағанда, 30 мамыр күні Ақмола облысында күн 35 градусқа дейін ысиды, кей жерлерінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде 38 градус ыстық болады. Жел шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с болады. Күндіз 30 мамырда кей жерлерде найзағай ойнайды.
Атырау облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Күндіз 37 градусқа дейін қатты ыстық болып, өрт қаупі сақталады.
Батыс қазақстан облысында, Орал қаласында найзағай ойнайды.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, желдің бағыты оңтүстік-шығыстан батысқа ауысады, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде күн 37 градусқа ысиды.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі. Күндіз кей жерлерде 38-40 градус аптап ыстық болады.
Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күн 35 градусқа дейін ысиды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с болады.
Петропавлда күндіз оңтүстік- шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.
Жамбыл облысында кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. 29-31 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с болады. Күн күндіз 38 градусқа дейін ысиды.
Таразда найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғып, найзағай кезінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.