10 там, 2020 сағат 19:23

Қазақстанның 9 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

11 тамызда Қазақстанның 9 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ақмола облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. 

Нұр-Сұлтан қаласында найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. 

Маңғыстау облысының кей жерлерінде күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. 

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, кей жерлерде қатты жауын күтіледіКей жерлерде найзағай, күндіз кей жерлерде дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент қаласында солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.

Қостанай облысының күндізкей жерлерінде қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. 

Ақтөбе облысының солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерінде 18 м/с күтіледі. 

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 85-100 %.