14 там, 2020 сағат 16:10

Қазақстанның 6 өңірі «Е-қылмыстық іс» жүйесіне көшірілді

Қазіргі уақытта 6 өңір, атап айтқанда Ақмола, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстары және Алматы қаласы қылмыстық іс жүргізудің электрондық форматына көшті. Бұл туралы AntikorNews бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Цифрландыру бағыттарының өзектілігін ескере отырып, Агенттік сотқа дейінгі тергеп-тексеруді электрондық форматта жүргізу үшін жұмыс орындарын толық жарақтандыру және өңделетін деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты жеделдетуде. Қазіргі уақытта 6 өңір: Ақмола, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстары және Алматы қаласы қылмыстық іс жүргізудің электрондық форматына көшті», - дейді 

Агенттік төрағасының цифрландыру мәселелері бойынша көмекшісі Аслан Құсайынов.

Осы жылдың 7 айында электронды форматта 81 қылмыстық іс (Атырау – 38, БҚО – 13, Павлодар – 13, Ақмола – 12, Жамбыл – 2, Алматы қаласы - 3) бойынша тергеу жүргізілді, оның 36 – сы сотқа жіберілді (БҚО - 12, Атырау – 11, Павлодар – 9, Алматы қаласы - 3, Ақмола-1), ақтау негіздері бойынша 16-сы тоқтатылды, қалғандары өндірісте.

«Мұндай форматты пайдалану, ең алдымен, қылмыстық істерді тергеу процесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге әсер етеді, өйткені ашықтық пен ашықтық деңгейі артады, сондай-ақ деректерді қорғау бойынша қолданылатын технологиялар қылмыстық істегі құжаттарды бұрмалауға және ауыстыруға кедергі келтіреді.

Бұл өз кезегінде қылмыстық іс жүргізетін органдар қызметкерлерінің есеп беру жауапкершілігі мен тәртібін күшейтеді», - дейді ол.