21 шіл, 2020 сағат 19:02

Қазақстанның 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

22 шілде күні елорда мен Қазақстанның 10 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында қатты жаңбыр жауады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде және Ақтөбе қаласында күн күркіреп, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. 

Ақмола облысының кей жерлерінде күн күркіреп, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Нұр-Сұлтан қаласында 22 шілдеде найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан 15-18 м/с жылдамдықпен жел еседі. 

Нұр-Сұлтан қаласында найзағай жарқылдап, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-18 м/с жетеді. 

Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, солтүстік-батыстан 15- 20 м/с жел еседі. Күндіз шаңды дауыл соғып, 38-40 градус аптап ыстық болуы мүмкін. 

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. 22 шілдеде оңтүстікте 35 градус ыстық болуы ықтимал. Облыстың басым бөлігінде өрт тұтану қаупі бар. 

22 шілдеде таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл соғады және бұршақ түседі. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23 м/с болады. Күндіз 40-43 градус ыстық болуы мүмкін, өрт тұтану қаупі бар. Қызылордада 22 шілдеде күндіз 40-41 градус ыстық болады. 

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады және бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қостанай облысының орталық және оңтүстік аудандарында өрт тұтану қауіпі жоғары. 22 шілдеде Қостанайда солтүстік-шығыстан күндіз 18 м/с жылдамдықпен жел соғады. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл болады, күндіз бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 25 м/с-ке жетеді. Өскеменде 22 шілде түнде күн күркірейді. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. 

Семей қаласында 22 шілде түнде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. 

22-23 шілдеде Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады және бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғып, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с-ке, екпіні 23-28 м/с-ке жетеді. 23 шілдеде оңтүстікте 35 градус аптап ыстық болуы мүмкін. Облыстың оңтүстігінде өрт тұтану қаупі жоғары. 22 шілдеде Қарағандыда жел солтүстік-шығыстан соғып, күндіз екпіні 15 м/с-ке жетеді. 

Жамбыл облысында кей жерлерде 39°С-қа дейін қатты ыстық күтіледі. 23-24 шілдеде кей жерлерде найзағай, дауыл, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, желдің күні 15-20 м/с жетуі ықтимал. 

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 70-100 %.