29 нау, 2021 сағат 14:41

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына дауыс беру мерзімі ұзартылды

Қазақстандықтардың көптеген өтініші бойынша «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының IV маусымындағы халықтық дауыс беру 2021 жылдың 12 сәуіріне дейін ұзартылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

«Жобаның 2 790 қатысушысы арасынан ұнаған үміткерлерді таңдау үшін 100janaesim.ruh.kz сайтында дауыс беру процедурасынан өтуіңіз керек. Қазіргі уақытта Қазақстанның ғана емес, сонымен қатар шет елдердің тұрғындары да өз кандидаттарын белсенді қолдап келеді.

Ұйымдастырушылар ережелерді бұзушылықтарды немесе басқа да фальсификацияны, оның ішінде онлайн дауыс беру кезінде дауыстарды алдап жинауды анықтаған жағдайда қатысушыны жобадан шығаруға құқылы», делінген хабарламада. 

Әрбір санатта бір IP-адрестен бір адамға ғана дауыс беруге болады. Қатысушылардың дауыстары сауалнаманың жоғарғы оң жағында көрсетілген.

«IV маусымның жеңімпаздары дауыс беру нәтижелері бойынша және беделді қазылар алқасы жұмысының нәтижелері бойынша анықталады.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы іске қосылған кезден бастап, яғни 4 жылдың ішінде, 163 финалист анықталды. Биыл жоба Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында өтіп жатыр», делінген хабарламада.