27 қаң, 2018 сағат 11:42

Қазақстанның 10 облысында автожолдар жабылды

"Қазақавтожол" РММ Қазақстанның 10 облысында автожолдардың жабылғанын хабарлады.

Астана мен Ақмола облысында 26 қаңтар күні 19:00-де ауа райы жағдайының нашарлауына (қатты аяз) байланысты барлық бағыт бойынша дизельдік және қоғамдық автокөліктер қозғалысына шектеу қойылды.

Ақтөбе облысында бүгін 18:30-дан бастап, «Самара-Шымкент» (526-1240 км), «Қарабұтақ-Комсомольск-Қостанай» (0-234 км), «Ақтөбе-Ор» (39-135 км), «Ақтөбе-Мәртөк-Орынбор» (24-99 км) автожолдарында дизельдік және қоғамдық автокөліктер қозғалысына шектеу қойылды.

Алматы облысында 26 қаңтарда 19:00-ден бастап, ауа райы жағдайының нашарлауына (ШҚО-дағы қатты аяз) байланысты «Алматы-Өскемен» (558-615 км) автожолында дизельдік және қоғамдық автокөліктер қозғалысына шектеу қойылды.

Шығыс Қазақстан облысында аязды ауа райына байланысты бүгін 19:00-ден бастап, барлық бағыт бойынша дизельдік және қоғамдық автокөліктер қозғалысына шектеу қойылды.

Батыс Қазақстан облысында 26 қаңтар 20:00-ден бастап, Ақтөбе облысында ауа райының күрт нашарлауына (күшті аяз) байланысты «Самара-Шымкент» (392-526 км) автожолында дизельдік және қоғамдық автокөліктер қозғалысы шектелді.

Қарағанды облысында бүгін 19:00-де қатты аязға байланысты барлық бағыт бойынша дизельдік және қоғамдық автокөліктер қозғалысы тоқтатылды.

Қостанай облысында 26 қаңтар 19:00-ден бастап, ауа райы жағдайының нашарлауынан (аяз) «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» (7-232 км), «Екатеринбург-Алматы» (555-729 км), «Мәмлүт-Қостанай» (180-404 км), «Жезқазған-Петропавл» (340-377 км), «Қарабұтақ-Комсомольская-Денисовка-Рудный» (231-503 км) автожолдарында дизельдік және қоғамдық автокөліктер қозғалысына шектеу салынды.

Қызылорда облысында бүгін 19:30-да ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты (ауа температурасының төмендеуі, қатты жел) «Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы» (12-216 км) автожолында дизельдік және қоғамдық автокөліктер қозғалысы шектелді.

Сондай-ақ, 18:40-та суыққа байланысты «Самара-Шымкент» автожолының 1363 - 1240 шақырымында дизельдік және қоғамдық автокөліктер қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Павлодар облысында 26 қаңтар күні 19:00-де ауа райы жағдайының нашарлауына (қатты аяз) байланысты барлық бағыт бойынша дизельдік және қоғамдық автокөліктер қозғалысына шектеу қойылды.

Солтүстік Қазақстан облысында бүгін 20:00-де қатты аяздан барлық бағытқа дизельдік және қоғамдық автокөліктер қозғалысына шектеу қойылды.