Ресейлік әуе компаниясы 2022 жылдың 15 қаңтарынан бастап Нұр-Сұлтан - Сочи бағытында аптасына 1 рейс, сенбі күндері ұшуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сондай-ақ 2022 жылғы 18 қаңтардан бастап Алматы-Сочи бағытында аптасына 1 рейс Б737/А321 әуе кемелерімен ұша бастайды.
Нұр-Сұлтан-Сочи және Алматы-Сочи бағыттары бойынша әуе қатынасын қалпына келтіруге Қазақстан аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның және Ресей аумағына жаңа коронавирус инфекциясының әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі жедел штабтың шешіміне сәйкес рұқсат етіледі.
Рейс санын одан әрі арттыру эпидемиологиялық жағдайға және ҚР ведомствоаралық комиссиясы мен РФ жедел штабының тиісті шешімдеріне байланысты болады.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.