Қазақстандықтар шет мемлекеттерге шығуға тыйымның бар-жоғын «Е-Salyq-Azamat» мобильдік қосымшасында тексере алады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
ҚР Қаржы министрлігінің ақпаратына сәйкес, Мемлекеттік кірістер комитеті «Е-Salyq-Azamat» мобильдік қосымшасына шет елдерге шығуға салынған тыйымды қарауға, борышкерлер тізімімен танысуға мүмкіндік беретін сілтемені орналастырды.
Мәлім етілгендей, сот орындаушылар бюджет алдында 40 айлық есептік көрсеткіштен астам (116 680 теңге, 1 АЕК - 2917 теңгегег тең) қарызы бар жеке тұлғаларға елден тыс жерге шығуға шектеу қояды. Ал аты-жөні борышкерлер тізіміне енгізіледі.
Мобильдік қосымшаға кіру үшін азаматтың ұялы телефон нөмірі мобильді азаматтар базасында (ХҚКО) ЖСН-ға байлануы қажет.