ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлім еткендей, бүгінгі таңда 25 елмен аптасына 257 халықаралық рейс орындалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстанда халықаралық әуе рейстері толық дерлік қалпына келтірілді. Елімізге немесе елімізден ұшатын отандық және шетелдік әуе компаниялары өз қызметін толық көлемде жалғастыруда. Олар әуе компанияларының ресми сайттарында жарияланған кестелерге сәйкес орындалады», - делінген министрлік хабарламасында.
Бүгінгі таңда 25 елмен (Армения, Әзербайжан, Беларусь, Ұлыбритания, Венгрия, Вьетнам, Германия, Грузия, Үндістан, Катар, Корея, Қырғызстан, Мальдив аралдары, Нидерланды, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт, Польша, Ресей, Сауд Арабиясы, Тәжікстан, Таиланд, Түркия, Өзбекстан, Украина, Шри Ланка) 76 бағытта аптасына 257 рейс орындалуда.
Еcке салайық, төтенше жағдай кезінде ұшпай қалған әуе рейстерінің жолаушылары билет құнын толық қайтара алады немесе сатып алған жерлерінде оны басқа күнге тегін ауыстыруға болады.