Қазақстан Түркияға және Біріккен Араб Әмірліктеріне авиарейстер санын арттырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ҚР Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссияның 15 ақпандағы шешіміне сәйкес:
- «SCAT» авиакомпаниясына Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Қарағанды қалаларынан БАӘ-нің Рас-эль-Хайм қаласына аптасына 8 рет қатынауға рұқсат етілді. Бұл ретте, компания әуе кемесінің бортын жолаушылармен 100% толықтыра алады. Бір ғана шарт - барлығында ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болуы қажет.
- Сондай-ақ Түрік авиакомпанияларына «Алматы-Анталия» бағытында қосымша екі рейс орындауға рұқсат берілді.
Атап өтілгендей, ұшақтарда санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталады және авиакомпаниялар сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалатын болады.