28 мау, 2021 сағат 18:27

Қазақстанға теріс ықпалы болғанын қаламаймыз - АҚШ елшісі санкциялар туралы


АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер АҚШ-тың Ресейге қарсы санкциялары Қазақстанға теріс ықпал еткенін қалмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AIBAT ақпараттық қызметіне сілтеме жасап.

"Біз Қазақстанға теріс ықпалы болғанын қаламаймыз. Санкциялар ықпалын жеңілдету үшін Қазақстанмен бірлесіп жұмыс істегіміз келеді және істеп жатырмыз. Қазақстанмен қарым-қатынасымыз жақсы болғанын қалаймыз, бұл сөзсіз", - деді Уильям Мозер.

АҚШ елшісінің айтуынша, шектеулер тек "Ресейдің әрекетін өзгерту" үшін енгізіледі. "Бұл Вашингтон мен Нұр-Сұлтан арасындағы қарым-қатынасқа әсер етпеуі керек", деп сендірді дипломат.