09 нау, 2021 сағат 08:15

Қазақстанға шетелден ұшып келген үш жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды

Қазақстанға шетелден ұшып келген үш жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды. Олардың екеуі Шарм-ел-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсімен, біреуі Франкфурт–Нұр-Сұлтан рейсімен келген, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 8 наурызда Қазақстан Республикасының аумағына БАӘ, Түркия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді. 

2 565 әуе жолаушыларының ішінде ПТР тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 464 адам, анықтамасыз 101 ҚР азаматтары келді. 

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 12 рейс, 1 544 жолаушы, анықтамамен - 1 468, анықтамасыз - 76; 

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 456 жолаушы, анықтамамен - 439; анықтамасыз - 17;

Ақтау қаласының әуежайына – 3 рейс, 441 жолаушы, анықтамамен - 433; анықтамасыз - 8;

Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 124 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР тест тапсырады, оның нәтижесі шыққанша карантин стационарында күтеді.

Айта кетерлігі, 7 наурызда шетелден анықтамасыз келген 984 Қазақстан азаматының ПТР-талдау нәтижесі бойынша үш жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды. Олардың ішінде екі жолаушы Шарм-ел-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсімен, бір жолаушы Франкфурт – Нұр-Сұлтан рейсімен келген.